О внесении изменений в постановление Акимата города Алматы от 29 января 2002 г. N 1/80 приложение N 2. Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи населению Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 “Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы” қаулысының N№2 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысының N 2 қосымшасына (Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда тіркелген, "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде 2002 жылдың ақпан айында жарыққа шыққан Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Александр Иванович Братенков - аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы; Зауре Бақтыбайқызы Ақмұрзина - аудандық білім бөлімінің бас маманы; осы құрамнан шығарылсын: Ж.Б. Бозжігітова, С.Б. Бегасылов.
Тармақша 2
2) Әуезов аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Талғат Ибрагимұлы Абдуллаев - Дружба қалалық үлгідегі кенттің жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы; Қонысбай Құралбайұлы Дүйсенов - Шаңырақ 1,2,3 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы; Сағатолла Үсенбайұлы Таубалды - Шаңырақ 3,4 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы; осы құрамнан шығарылсын: Ж.Т.Баймұханов, М.К. Бұзаубеков, Е.К. Балтабаева, И.М. Халықов, Б. Шайхина.
Тармақша 3
3) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Қайрат Рүстемұлы Садыбеков - аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары; Майгүл Сатылғанқызы - аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығының тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы; осы құрамнан шығарылсын: Ж.Х. Ыбыраев, Б.М. Джексембаев.