О внесении изменений в постановление Акимата города Алматы от 29 января 2002 года N 1/80 приложение N 2 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи населению" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 “Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы” қаулысының N 2 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысының N 2 қосымшасына (Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда тіркелген, "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде 2002 жылдың ақпан айында жарыққа шыққан Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Ғабдашева Светлана Қасымханқызы - жедел дәрігерлік көмек ауруханасы мемлекеттік қазыналық мекеменің төрағасы, зертхана меңгерушісі;
Тармақша 2
2) Бостандық аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Исина Баян Ақжанқызы - аудандық "Ұстаз" кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы; Сәдуақасова Нұрилаш Ергедекқызы - аудандық көп балалы аналар Одағы қоғамдық ұйымының төрағасы; Матмұратова Зинегүл Айтмағанбетқызы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы; осы құрамнан шығарылсын: Козлова Г.А.
Тармақша 3
3) Жетісу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Даниярова Бейсенгүл Бәзікенқызы - аудандық Әкім аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бастығы; Әмірбеков Нұрмұхамет Әмірбекұлы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы; осы құрамнан шығарылсын: Шәмпиева С.Ө., Қуатжанова С.Т.
Тармақша 4
4) Түрксіб аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Кеніштібаева Раиса Мырзағалиқызы - Түрксіб аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы; Айымбетова Бибіраба - аудандық көп балалы аналар одағының төрағасы.