О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 29 января 2002 года N 1/80 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи населению" (зарегистрировано в Управлении юстиции города Алматы за N 431 от 8 февраля 2002 года) Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы № 1/80 (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда № 431 тіркелген) "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-ші бабы мен 2001 жылы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы"
қаулысымен
(Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда N 431 тіркелген, 2002 жылы 23 ақпанда N 15 "Вечерний Алматы" N 21 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан) бекітілген, халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар құрамына (2002 жылы 11 қыркүйекте N 71 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 7 қыркүйекте N 100 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 19 шілдедегі N 3/470 қаулысы (2002 жылы 01 тамыздағы тіркеу N 462), 2002 жылы 11 желтоқсанда N 97 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 12 желтоқсанда N 140 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысы (2002 жылы 28 қарашадағы тіркеу N 489), 2003 жылы 12 шілдеде N 107-109 "Вечерний Алматы" және 2003 жылы 26 маусымда N 71 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 26 мамырдағы N 2/319 қаулысы (2003 жылы 18 маусымдағы тіркеу N 534), 2003 жылы 15 қазанда N 161 "Вечерний Алматы" және 2003 жылы 14 қазанда N 115 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 17 қыркүйектегі N 4/535 қаулысы (2003 жылы 26 қыркүйектегі тіркеу N 552) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Әуезов аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Саттарова Гүлнар Рахымқызы - Әуезов аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
осы құрамнан шығарылсын:
Н.Ж. Шаймаков;
Тармақша 2
2) Бостандық аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Райхан Айдарқызы Мырзалиева - аудандық "Ұстаз" кәсіподақ комитетінің төрағасы,
Шәріпхан Исажанұлы Матаев - аудандық ішкі істер басқармасының орынбасары,
Қалиулла Халықұлы Халықов - Мәслихат депутаты, соттық үкімет және қылмыс процессі кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетінің профессоры;
осы құрамнан шығарылсын:
Тажиев Е.Б., Маткенов Т.С., Исина Б.А.;
Тармақша 3
3) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Айгүл Оразқызы Қалықова - Медеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығы бастығының орынбасары;
осы құрамнан шығарылсын:
Сүлейменов Б.К., Таикпанов Р.Т.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы әкімшілігінің 2004 жылы 7 сәуірдегі N 2/298 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.