О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 29 января 2002 года N 1/80 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи населению" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-ші бабы мен, 2001 жылғы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда N 431 тіркелген), 2002 жылы 23 ақпанда N 15 "Вечерний Алматы", N 21 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан, халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар құрамына 2002 жылы 11 қыркүйекте N 71 "Вечерний Алматы", 2002 жылы 7 қыркүйекте N 100 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 19 шілдедегі N 3/470 қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 01 тамыздағы тіркеу N 462), 2002 жылы 11 желтоқсанда N 97 "Вечерний Алматы", 2002 жылы 12 желтоқсанда N 140 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 28 қарашадағы тіркеу N 489), 2003 жылы 12 шілдеде N 107-109 "Вечерний Алматы", 2003 жылы 26 маусымда N 71 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 26 мамырдағы N 2/319 қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылы 18 маусымдағы тіркеу N 534), 2003 жылы 15 қазанда N 161 "Вечерний Алматы", 2003 жылы 14 қазанда N 115 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 17 қыркүйектегі N 4/535 қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2003 жылы 26 қыркүйектегі тіркеу N 552), 2004 жылы 8 маусымда N 111 "Вечерний Алматы", 2004 жылы 5 маусымда N 63 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2004 жылы 19 мамырдағы N 3/424 қаулысына (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2004 жылы 27 мамырдағы тіркеу N 602), 2004 жылы 18 қыркүйекте N 188-189 "Вечерний Алматы", 2004 жылы 18 қыркүйекте N 106 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан, 2004 жылы 25 тамыздағы N 3/706 қаулысына (Алматы қаласының Әділет департаментінде 2004 жылы 3 қыркүйектегі тіркеу N 616), 2004 жылы 21 желтоқсанда N 253 "Вечерний Алматы" газетінде жарыққа шыққан 2004 жылы 26 қарашадағы N 4/955 қаулысына (Алматы қаласының Әділет департаментінде 2004 жылы 10 желтоқсандағы тіркеу N 630), келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Абдрахманов Ержан Ахметұлы - Алматы қаласы Алмалы ауданы Әкімінің орынбасары, учаскелік комиссиясының төрағасы; Братенков Александр Иванович - Алматы қаласы Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бастығы, учаскелік комиссия төрағасының орынбасары; Саботаева Бақыт Аққанқызы - Алматы қаласы Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтың тұрмыс деңгейін талдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, учаскелік комиссиясының хатшысы; осы құрамнан шығарылсын: Тілеубаева Л.Н., Талпақова Р.И.;
Тармақша 2
2) Әуезов аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Исламова Нұрила Бақбергенқызы - Алматы қаласы Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бастығы, учаскелік комиссия төрағасының орынбасары; Имамбекова Күләйша Қазақбайқызы - Алматы қаласы Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының тұрмыс деңгейін талдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, учаскелік комиссиясының хатшысы; осы құрамнан шығарылсын: Қаппасова О.Т., Соколова Г.Б., Саттарова Г.Р., Қазыбекова З.К.;
Тармақша 3
3) Бостандық аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Қайдуова Нәкен Құлмаханбетқызы - Алматы қаласы Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталықтың тұрмыс деңгейін талдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, учаскелік комиссиясының хатшысы; осы құрамнан шығарылсын: Матмұратова З.А.;
Тармақша 4
4) Жетісу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Ділмаханбетов Ермек Қырғызбайұлы - Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің орынбасары, учаскелік комиссиясының төрағасы; Нүсіпова Шолпан Байжұмақызы - Алматы қаласы Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бастығы, учаскелік комиссия төрағасының орынбасары; Сиқымбаев Ренат Оразұлы - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аумақтық өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі кеңесші-үйлестірушісі, учаскелік комиссиясының мүшесі; осы құрамнан шығарылсын: Ілиясов А.К., Алмабеков А.С., Маханов Ж.Т.;
Тармақша 5
5) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Қырықбаев Арман Оразбайұлы - Алматы қаласы Медеу ауданы Әкімінің орынбасары, учаскелік комиссиясының төрағасы; Қалықова Айгүл Оразқызы - Алматы қаласы Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бастығы, учаскелік комиссия төрағасының орынбасары; Жұмабекова Динара Төлеубайқызы - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, учаскелік комиссиясының мүшесі; Оразова Гүлдана Мұратханқызы - Алматы қаласы Медеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастары бөлімінің бастығы, учаскелік комиссиясының мүшесі; осы құрамнан шығарылсын: Керімқұлов Т.И., Оспанова Н.К., Яковлева Н.Н.;
Тармақша 6
6) Түрксіб аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін: Яковлева Надежда Николаевна - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, учаскелік комиссиясы төрағасы; Мамебекова Шолпанкұл Құлахметқызы - Алматы қаласы Түрксіб аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының тұрмыс деңгейін талдау және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, учаскелік комиссиясының хатшысы; Бектемісов Нұрлан Бағдатұлы - Алматы қаласы Түрксіб ауданы салық комитетінің бастығының орынбасары, учаскелік комиссиясының мүшесі; Құрманбеков Дастан - Алматы қаласы Түрксіб ауданы Әділет басқармасының құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бас маманы, учаскелік комиссиясының мүшесі; Ноерманова Қәтила Дүсіпқызы - N 4 балалар емханасының бас дәрігері, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, учаскелік комиссиясының мүшесі; Ахметов Ермек Әнуарұлы - Алматы қаласы Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, учаскелік комиссиясының мүшесі; осы құрамнан шығарылсын: Товчиха В.Ф., Белякова Г.А.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Бүкеновке жүктелсін.