О внесении дополнения и изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года N 828 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мына кандидатуралар:
1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде;
3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн.";
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесiнде:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президент Сыртқы Премьер-
дипломатиялық iстер Министрмен,
өкiлдiктерінің басшылары министрi Әкiмшілiк
Басшысымен,
Парламент
Сенатының және
Мәжілісiнің
тиісті
комитеттерiмен"
деген жолда ", Парламент Сенатының және Мәжiлiсiнiң тиiстi комитеттерiмен" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.