О внесении изменений и дополнений в решение внеочередной девятнадцатой сессии маслихата города Актобе от 29 ноября 2002 года № 162 "О порядке предоставления жилищной помощи для возмещения расходов за потребление коммунальных услуг населению города Актобе зарегистрированного в областном управления юстиции 25 декабря 2002 года за № 1907 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2002 жылғы 25 желтоқсанда № 1907 болып облыстық әділет басқармасында тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2002 жылғы 29 қарашадағы № 162 "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы негізінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1284 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау мақсатында жэне мемлекеттік мекеменің қайта ұйымдастырылуы мен атауы өзгертілуіне байланысты, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Ақтөбе қаласының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарды өтеуге арналған тұрғын үй жәрдемін беру тәртібі туралы" Ережесіне әділет департаментінде 2003 жылғы 27 қарашада № 2463 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының екінші сессиясының 2003 жылғы 17 қазандағы № 14 шешімі, Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 шілдеде № 2868 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 63 шешімі, Әділет департаментінде 2004 жылғы 14 қазанда № 2935 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мэслихатының кезекті он екінші сессиясының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 83 шешіміне және Әділет департаментінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда № 3000 болып тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясының 2004 жылғы 12 қарашадағы № 87 шешіміне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 4 тармақтағы 6 азат жолда: "Тұрғындарды жұмыспен қамту Орталығында" сөйлемі, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімің" мемлекеттік мекемесі сойлемімен ауыстырылсын; 12 тармақтағы 1 азат жолда: "Коммуналдық қызметті түтынғаны үшін" сөйлемінен кейін "және телефонға абоненттік ақы тарифының өсіміне өтемақыны төлеу" сөйлемімен толықтырылып, әрі қарай мәтін бойынша; "Қалалық қаржы басқармасы" сөйлемі, Ақтөбе "Қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сөйлемімен ауыстырылсын; 2 азат жол алып тасталынсын; 13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: 13. "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" мемелекеттік мекемесі тұтынылған коммуналдық қызметке кеткен шығынды толықтыруға тағайындалған қаржыны және телефонға абоненттік ақы тарифының арттырылу өтемақысының төлемақысын, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды; "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтардың арызы бойынша қаржыны коммуналдық қызмет көрсетіп отырған мекемелердің есеп шотына аударма жасайды. Телефонға абоненттік ақы тарифының арттырылу өтемақысының төлемақысы, көмек алушының таңдаған банкасының есеп шотын көрсеткен арызы негізінде, таңдауымен көрсетілген екінші деңгейдегі банктың жеке шоты немесе Қазақстан Республикасының "Ұлттық банкасының" осы түрдегі банкалық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар мекеме арқылы жүзеге асырылады". 14 тармақтағы: "Қалалық қаржы басқармасы" сөйлемі, "Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сөйлемімен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. 13 бөлім Ережесіне кіргізілген өзгертулер 2004 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енеді.