О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 29 января 2002 года № 1/80 "Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи населению" (зарегистрировано в Управлении юстиции города Алматы за № 431 от 8 февраля 2002 года) Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы № 1/80 (Алматы қаласының Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда № 431 тіркелген) "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37-ші бабы мен 2001 жылы 17 шілдедегі N 246-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы" қаулысымен (Алматы қаласының әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда N 431 тіркелген, 2002 жылы 23 ақпанда N 15 "Вечерний Алматы" № 21 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан) бекітілген, халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар құрамына (2002 жылы 11 қыркүйекте N 71 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 7 қыркүйекте N 100 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 19 шілдедегі N 3/470 қаулысына (2002 жылы 01 тамыздағы тіркеу N 462), 2002 жылы 11 желтоқсанда N 97 "Вечерний Алматы" және 2002 жылы 12 желтоқсанда N 140 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2002 жылы 13 қарашадағы N 5/724 қаулысына (2002 жылы 28 қарашадағы тіркеу N 489), 2003 жылы 12 шілдеде N 107-109 "Вечерний Алматы" және 2003 жылы 26 маусымда N 71 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 26 мамырдағы N 2/319 қаулысына (2003 жылы 18 маусымдағы тіркеу N 534), 2003 жылы 15 қазанда N 161 "Вечерний Алматы" және 2003 жылы 14 қазанда N 115 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2003 жылы 17 қыркүйектегі N№ 4/535 қаулысына (2003 жылы 26 қыркүйектегі тіркеу N 552), 2004 жылы 8 маусымда N№111 "Вечерний Алматы"және 2004 жылы 5 маусымда N 63 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарыққа шыққан 2004 жылы 19 мамырдағы N№ 3/424 қаулысына (2004 жылы 27 мамырдағы тіркеу N 602) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Жетісу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Алмабеков Әділхан Стамшалұлы - учаскелік комиссияның орынбасары, Жетісу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығының бастығы;
осы құрамнан шығарылсын:
З.К. Мыңбаев;
Тармақша 2
2) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Айтбаев Сәкен Сейданұлы - аудандық ішкі істер басқармасының орынбасары,
Бейсембиев Мырзахан Бейсембиұлы - Медеу аудандық соғыс ардагерлері және зейнеткерлер Кеңесінің төрағасы;
осы құрамнан шығарылсын:
К.Р. Садыбеков., О.Б. Бименов.;
Тармақша 3
3) Түрксіб аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Кенштыбаева Раиса Мұрзағалиқызы - учаскелік комиссияның орынбасары, Түрксіб аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау орталығының бастығы;
осы құрамнан шығарылсын:
С.К. Джетписбаева., Т.Т. Баратов.;
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.