О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 29 ноября 2002 года № 220 «О совершенствовании железнодорожных перевозок пассажиров пригородного сообщения в Западно-Казахстанской области» (регистрационный № 1886) Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысында қала төңірегіне қатынайтын жолаушыларды темір жолмен тасымалдауды жетілдіру туралы» 2002 жылғы 29 қарашадағы №220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркеу № 1886)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Темір жол көлігі туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және тұрғындардың қала төңірегіне темір жолмен қатынауға деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысында қала төңірегіне қатынайтын жолаушыларды темір жолмен тасымалдауды жетілдіру туралы» 2002 жылғы 29 қарашадағы №220 қаулысымен бекітілген Уақытша Ережеге («Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің № 1 2003 жылғы 1 қаңтарда, № 155, 2002 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған. Тіркеу № 1886) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қала төңірегіне темір жолмен тасымалдауға демеу қаржы берудің Уақытша Ережесінің 7-тармағы төмендегідей редакцияда мазмұндалсын:
«Шарт жасасқаннан соң және әрбір есепті кезең аяқталғаннан кейін тасымалдаушы аталған мақсатқа жұмсалған нақты шығындар туралы ұйым басшысының, бас бухгалтердің қолдары қойылған және мөрмен куәләндырылған құжаттарды қоса отырып, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне шартта қаралған тізбеге сәйкес қаржы есебін тапсырады».
Тармақша 2
2) Уақытша Ереженің 8-тармағы төмендегідей мазмұнда 8-1 тармағымен толықтырылсын:
«Тасымалдаушы демеу қаржы алуға ұсынылған құжаттардың дұрыстығына толық жауап береді»;
Тармақша 3
3) Уақытша Ереже төмендегі мазмұндағы 11- тармақпен толықтырылсын:
«Осы Уақытша Ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі сәйкесті қаулы қабылдағанға дейін жарамды».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.П.Качалоға жүктелсін.