О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 29 января 2002 года № 4 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 2002 жылғы 29 қаңтарда № 4 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 15.04.2003 № а-4/125 қаулысымен.
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2000 жылғы 22 қыркүйектегi №1440 «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының несие беру Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын тиімді орындау мақсатында облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. 2002 жылғы 29 қаңтардағы №4 Ақмола облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерін 2002 жылы бюджеттік несиелендіру тәртібі жөніндегі нұсқау туралы» облыс әкімінің шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Шешім атауынан, 1 және 3 тармақтарынан, сонымен қатар шешімге 1 қосымшаның атауынан «2002 жылы» сөзі алып тасталсын.
Тармақша 2
2) Шешімнің преамбуласында 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № С/13-2 «2002 жылғы облыстық бюджет туралы» Ақмола облысы мәслихатының шешімі» сөйлемін 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы» сөйлеміне алмастырылсын.
Тармақша 3
3) Төмендегі мазмұнды 7 тармақпен толықтырылсын: Бюджеттерінде «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу үшін қаржы салынған аудан мен қала әкімдері жергілікті бюджеттер қаржысынан бюджеттік несиелеу тәртібі туралы нұсқау жасасын және жасалған нұсқауларға сәйкес несиелеуді жүзеге асырсын».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.