О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде: мына: « Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың әкім­де­рі Пре­зи­дент ти­ісін­ше Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың мәс­ли­хат­та­ры » деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың тек­се­ру ко­мис­си­я­ла­ры­ның тө­ра­ға­ла­ры ти­ісін­ше Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың мәс­ли­хат­та­ры ти­ісін­ше Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның, об­лы­стар­дың мәс­ли­хат­та­ры­ның хат­шы­ла­ры Әкім­ші­лік Бас­шы­сы »; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары;»; 23-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.