О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде: мына: « Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­сар­ла­ры, Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі­нің ба­стық­та­ры Әді­лет ми­ни­стрі Қыл­мыстық ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы Әкім­ші­лік Бас­шы­сы » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­сар­ла­ры, қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі­нің ба­стық­та­ры Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы Әкім­ші­лік Бас­шы­сы »; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: 19-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ішкі істер министрлігі Алматы және Қарағанды академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары; Әділет министрлігі «Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры;»; 21-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, комитеттер төрағалары, Әділет министрлігінің Астана және Алматы қалалары, облыстар әділет департаменттерінің бастықтары;».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.