О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде: мына: «Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар бо­лып та­бы­ла­тын агент­тіктер­дің тө­ра­ға­ла­ры Үкі­мет Пре­мьер-Ми­нистр Кең­се­сі­нің Бас­шы­сы Пре­зи­дент неме­се оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Әкім­ші­лік Бас­шы­сы» деген жол алып тасталсын; мына: «Үкі­мет­тің құ­ра­мы­на кір­мей­тін ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар бо­лып та­бы­ла­тын агент­тіктер тө­ра­ға­ла­ры­ның орын­ба­сар­ла­ры Үкі­мет Үкі­мет­тің құ­ра­мы­на кір­мей­тін ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар бо­лып та­бы­ла­тын агент­тіктер­дің тө­ра­ға­ла­ры Әкім­ші­лік Бас­шы­сы» деген жол алып тасталсын; мына: «Іш­кі іс­тер, Қор­ға­ныс, Сырт­қы іс­тер және Әді­лет ми­ни­стр­лік­те­рін қо­с­па­ған­да, ми­ни­стр­лік­тер ко­ми­тет­те­рі­нің тө­ра­ға­ла­ры ми­ни­стр­лер Пре­мьер-Ми­нистр, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Сырт­қы іс­тер және Әді­лет ми­ни­стр­лік­те­рі ко­ми­тет­те­рі­нің тө­ра­ға­ла­ры ми­ни­стр­лер Әкім­ші­лік Бас­шы­сы» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «Іш­кі іс­тер, Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лік­те­рін қо­с­па­ған­да, ми­ни­стр­лік­тер ко­ми­тет­те­рі­нің тө­ра­ға­ла­ры ми­ни­стр­лер Пре­мьер-Ми­нистр, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі ко­ми­тет­те­рі­нің тө­ра­ға­ла­ры Ми­нистр Әкім­ші­лік Бас­шы­сы»; мына: «Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­ті ап­па­ра­ты­ның бас­шы­сы Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луын ба­қы­лау жө­нін­де­гі есеп ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы Әкім­ші­лік Бас­шы­сы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Бас про­ку­ра­ту­ра­ның ап­па­рат бас­шы­сы Бас про­ку­рор Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі­нің ап­па­рат бас­шы­сы Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі­нің тө­ра­ға­сы Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ап­па­рат бас­шы­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі де­пар­та­мент­те­рі­нің бас­шы­ла­ры Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы іс-қи­мыл агент­ті­гі­нің тө­ра­ға­сы Әкім­ші­лік Бас­шы­сы»; мына: «Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің кө­лік­те­гі іш­кі іс­тер де­пар­та­мен­ті­нің, Аста­на, Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның және об­лы­стар­дың іш­кі іс­тер де­пар­та­мент­те­рі­нің ба­стық­та­ры Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Ко­мис­сия*» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің кри­ми­нал­дық по­ли­ция, тер­геу, есірт­кі биз­не­сіне қар­сы кү­рес және есірт­кі ай­на­лы­мын ба­қы­лау де­пар­та­мент­те­рі­нің ба­стық­та­ры Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Ко­мис­сия*»; мына: «Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Аста­на, Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның және об­лы­стар­дың тө­тен­ше жағ­дай­лар де­пар­та­мент­те­рі­нің ба­стық­та­ры Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стрі Әкім­ші­лік Бас­шы­сы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің Аста­на, Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның және об­лы­стар­дың тө­тен­ше жағ­дай­лар де­пар­та­мент­те­рі­нің ба­стық­та­ры Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі Әкім­ші­лік Бас­шы­сы»; мына: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық мұ­ра­жай­ы­ның ди­рек­то­ры Пре­зи­дент Мә­де­ни­ет ми­ни­стрі Пре­мьер-Ми­нистр, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Аста­на Опе­ра» мем­ле­кет­тік опе­ра және ба­лет те­ат­ры» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­шы­сы Пре­зи­дент Мә­де­ни­ет ми­ни­стрі Пре­мьер-Ми­нистр, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық мұ­ра­жай­ы­ның ди­рек­то­ры Пре­зи­дент Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі Пре­мьер-Ми­нистр, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы», «Аста­на Опе­ра» мем­ле­кет­тік опе­ра және ба­лет те­ат­ры» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның бас­шы­сы Пре­зи­дент Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі Пре­мьер-Ми­нистр, Әкім­ші­лік Бас­шы­сы»; мына: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі Сот ак­ті­ле­рін орын­дау ко­ми­те­ті­нің Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры, об­лы­стар бой­ын­ша аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның бас­шы­ла­ры жа­у­ап­ты хат­шы Сот ак­ті­ле­рін орын­дау ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы Әкім­ші­лік Бас­шы­сы, Әді­лет ми­ни­стрі» деген жол алып тасталсын; мына: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сын­да­ғы са­уда өкі­лі Үкі­мет Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­но­ми­ка және бюд­жет­тік жос­пар­лау ми­ни­стрі Пре­зи­дент», «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сын­да­ғы са­уда өкі­лі­нің орын­ба­сар­ла­ры Үкі­мет Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­но­ми­ка және бюд­жет­тік жос­пар­лау ми­ни­стрі Пре­зи­дент» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сын­да­ғы са­уда өкі­лі Үкі­мет Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі Пре­зи­дент», «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сын­да­ғы са­уда өкі­лі­нің орын­ба­сар­ла­ры Үкі­мет Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі Пре­зи­дент»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде: 3-тармақта: екінші, сегізінші абзацтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары жөнінде - Республиканың Премьер-Министрі;»; «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары жөнінде - Ұлттық экономика министрі енгізеді.»; 17-тармақта: алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары; Ауыл шаруашылығы министрінің балық шаруашылығын, су ресурстарын басқаруды, ормандарды, жануарлар дүниесін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерін қадағалайтын орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, Су ресурстары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінің төрағалары; Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің, Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің және Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы.»; 18-тармақта: екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары; Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.»; 19-тармақта: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары - штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігі Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің, Астана, Алматы қалалары және облыстар ішкі істер департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;»; үшінші абзацтан кейін мынадай редакциядағы абзацтармен толықтырылсын: «Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ішкі істер министрлігінің аппараттар басшылары; Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары;»; 21-тармақта: екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша әділет департаменттерінің басшылары; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары.»; 22-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары және комитеттерінің төрағалары;».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.