О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2002 года № 843 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегі N 843 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегi N 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесiнде: бүкiл мәтiн бойынша "аумақтық орган", "аумақтық органға", "аумақтық органның", "аумақтық органда" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi атқарушы орган", "жергiлiктi атқарушы органға", "жергілікті атқарушы органның", "жергiлiктi атқарушы органда" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 2) жергілiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергілікті мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;"; 10-тармақта: "алынған күнiнен бастап бiр жыл" деген сөздер "қаржы жылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.