О внесении изменений в постановление Акимата Мангистауской области от 29 апреля 2002 года № 88 "О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций на химически опасных объектах области" (зарегистрировано в Управлении юстиции 15 мая 2002 года № 895) Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкiмиятының "Облыстың химиялық қауiптi объектiлерiнде төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 29 сәуiрдегi № 88 қаулысына (Әдiлет басқармасында 2002 жылды» 15 мамырында
№ 895 болып тiркелген) өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы №№148 Заңына сәйкес облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкiмиятының "Облыстың химиялық қауiптi объектiлерiнде төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 29 сәуiрдегi № 88 қаулысына (Әдiлет басқармасында 2002 жылдың 15 мамырында № 895 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының, онда облыстың химиялық қауiптi объектiлерiн тексеру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы айқындалған 1 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын (қоса берiлiп отыр);
2 қосымшадағы 2 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкiмиятының "Маңғыстау облысы әкiмиятының "Облыстың химиялық қауiптi объектiлерiнде төтенше жағдайларды» алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 29 сәуiрдегi№№ 88 қаулысына (Әдiлет басқармасында 2002 жылдың 15 мамырында № 895 болып тiркелген) өзгерiстер енгiзу туралы" 2003 жылғы 27 наурыздағы № 67 қаулысының күшi жойылсын.
Басқа 3
Маңғыстау облысы әкімиятының
2003 жылғы 30 мамырдағы
№ 109 қаулысына
қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2002 жылғы 29 сәуiрдегi
№ 88 қаулысына
№ 1 қосымша
Облыстың химиялық қауiптi объектiлерiн
тексеру жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
Керелбаев Сақып Бүркітбайұлы - Маңғыстау облысы әкімінің
бірінші
орынбасары, комиссия төрағасы
Хайрушев Қажымұрат Сейлханұлы - облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқармасының
бастығы,
комиссия төрағасының
орынбасары,
(келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелерi:
Билашов Арман Мұғаллімұлы - облыс әкiмi аппараты жұмылдыру
жұмыстары және төтенше
жағдайлар
жөнiндегi бас маманы
Магомедов Руслан Ильманович - төтенше жағдайлар жөнiндегi
Агенттiгi мемлекеттiк өртке
қарсы
қызметiнiң әскери жұмылдыру
жұмысы
және Азаматтық қорғаныс
жөніндегі
бас маманы (келісім бойынша)
Молдабеков Сабытай Нұрғазыұлы - облыстық аумақтық қоршаған
ортаны
қорғау басқармасының жетекшi
маманы
(келісім бойынша)
Тәжiбаев Нұрлан Төлегенұлы - Ақтау қаласы әкiмi аппаратының
төтенше жағдайлар жөнiндегi
бас маманы
Темірғалиев Тельман Төлепбекұлы- облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқармасы халықты,
шаруашылық жүргізу объектілерін
және аумақты қорғау бөлімінің
бастығы, (келiсiм бойынша)
Темiрханов Әдiлхан Парсаханұлы - Ақтау қаласы Iшкi iстер
басқармасының лицензиялау-
рұқсат
беру жүйесiнiң инспекторы
(келісім бойынша)
Чопоров Юрий Анатольевич - "Межоблгосатоминспекция"
Мемлекеттік мекемесі Ақтау
филиалының мемлекеттік
инспекторы
(келісім бойынша)