О внесении дополнений и изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 мая 2003 года N 178 "Об утверждении Правил о порядке публикации в средствах массовой информации ежеквартальных агрегированных отчетов накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы мүдделі тұлғалардың алдында ақпаратты ашып көрсету жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 178 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2387 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 30 маусым - 13 шілде аралығындағы "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 14 басылымдарында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тоқсан сайынғы біріктірілген есептерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау тәртібі туралы ережеде: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: "7-1. Жарияланым мерзімін Қауымдастықтың жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган ұзартуы мүмкін."; Қосымшада: 1-бөлімдегі кестеде: 5-бағанның атауындағы "ақысы төленген" деген сөздер алып тасталсын; 7 және 8-бағандар мынадай мазмұндағы 7, 8 және 8-1-бағандармен ауыстырылсын: " Са­лым­шы­лар (адам) са­ны мін­дет­ті ерік­ті ерік­ті-кә­сі­би 7 8 8-1 "; 2-бөлімнің кестесі мынадай мазмұндағы 8-1 - 8-5-бағандармен толықтырылсын: " Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­лық қор­ла­ры­ның пай­ла­ры Ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың пай­ла­ры Та­зар­ты­л­ған қым­бат ме­тал­дар Бас­қа қар­жы құ­рал­да­ры тең­ге­мен ше­тел ва­лю­та- сын­да 8-1 8-2 8-3 8-4 8-5 ".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.