О внесении изменений в приказ И.о. Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 29 мая 2003 года N 258 "Об утверждении Правил отнесения участников внешнеэкономической деятельности к категории минимального риска и применения упрощенного порядка таможенного оформления", зарегистрированный за N 2349 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
N 2349 тіркелген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 371 және 470 баптарына, сондай-ақ кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының "Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың және кедендік ресімдеудің ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) (Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2835 тіркелген Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 16 сәуірінде N 181 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен 2003 жылдың 16 тамызындағы "Официальная газетаның" N 33 номерінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2349 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызу ережесінің 3 пунктінде: алтыншы абзац алынып тасталсын; жетінші абзацтағы "50" саны "20" санымен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану ережесінде: 4-тармақтағы "қоймаларға" деген сөз "орындарға" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (И.В.Тен) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ішкі жұмыстар басқармасы (А.Қ.Уәлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің департаменттері мен басқармаларына және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.