О внесении дополнения в решение городского маслихата от 29 декабря 2003 года № 23 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2004 год в городе Лисаковске и Правил исчисления совокупного дохода семьи (граждан), претендующей на получение жилищной помощи», номер государственной регистрации 2682 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін, Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелерін бекіту туралы" қалалық мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 23 шешіміне толықтыру енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2682 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-І Заңдарына, "Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін, Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу-ережелері туралы" Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Лисаков қаласы әкімиятының 2004 жылғы 17 маусымдағы № 318 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін, Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелерін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 23 шешіміне, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2682, (2004 жылғы 22 қаңтардағы № 4 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімге қоса берілген Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінің 7- тармақтағы "мақсатында" деген сөзінен кейін "және мүгедектер" деген сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қостанай облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.