О внесении дополнений в решение городского маслихата от 29 декабря 2003 года № 23 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2004 год в городе Лисаковске и Правил исчисления совокупного дохода семьи (граждан), претендующей на получение жилищной помощи», номер государственной регистрации 2682 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін, Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелерін бекіту туралы» қалалық мәслихатының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 23 шешіміне толықтыру енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2682 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Зандарына, "Қалалық телекоммуникация тораптарының абоненттері болып табылатын әлеуметтік-қорғалатын азаматтарға телефон үшін абонент төлемақысының тарифтерін көтеру жәрдемақысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына, "Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін, Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелері туралы" Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Лисаков қаласы әкімиятының 2004 жылғы 14 қыкүйектегі № 454 қаулысына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін, Тұрғын үй көмегін алуға талап ететін отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісін есептеу ережелерін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 23 шешіміне, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2682, (2004 жылғы 22 қаңтардағы № 4 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) көрсетілген шешімнің қоса берілетін Лисаков қаласындағы 2004 жылға арналған тұрғын үй көмегін-көрсету ережелеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) "Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар" 2- тарауының; 2-тармағы "Бүл норма телефондарды пайдаланушыларға да болінеді" деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары" 3 -тарауының: 5-тармағының 2) тармақшасы "Бұдан басқа, жәрдемақы тағайындау объектісі қалалық телекоммуникаңия торабының абоненті болып табылатын әлеуметтік-қорғалатын азаматтарға телефон үшін абонент төлемақысы болып табылады" деген сөздермен толықтырылсын; 3) «Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы мәліметтер үшін қалыптастыру тәртібі" 5-тарауының: 12-тармағындағы: "Қаланың коммуналдық қызметтерімен," деген сөздерінен кейін "Қазақтелеком" АҚ Лисаков қалалық телекоммуникация торабымен" деген сөздерімен толықтырылсын; "есептелген коммуналдық төлемдер" деген сөздерінен кейін "телефонды пайдалану үшін абонент төлемақысы" деген создерімен толықтырылсын; 4) "Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау тәртібі" 6 - тарауындағы: 18-тармағы "Сонымен қоса, телефонға абонент төлемқысының тарифтерін көтеру жәрдемақысы жаңа тарифтер мен 2004 жылдың 1 қазанына дейінгі қолданыстағы тарифтер арасындағы айырмашылық түрінде жүзеге асырылатынын ескеру қажет" деген сөздерімен толықтырылсын; 5) "Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі" 7 - тарауының: 24-тармағындағы "лифтармен" деген сөзінен кейін "және телефондармен" деген сөздермен толықтырылсын және одан әрі мәтін бойынша.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты төрайымы Л.Н. Черноваға және қала әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2004 жылдың 1 қазанынан күшіне енеді.