О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 июля 2003 года № 264 "Об утверждении Правил осуществления деятельности по инвестиционному управлению пенсионными активами" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағына, "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2484 тіркелген, 2003 жылы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" N 19 басылымында жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 488 қаулысымен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2484 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 29 шілдедегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 202 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақта:
1) тармақшасында сөйлемнің басында "Мемлекеттің кепіліне шығарылған бағалы қағаздар (жобалық облигациялар) және" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада "15%" деген сөздер "20%" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада "эмиссиялық бағалы қағаздары" деген сөздерден кейін "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) рейтингтік бағасы бар және Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыста болатын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және "ВВ"-дан ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтингтік агенттік жіктемесі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's"-тың ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар және шетел мемлекеттерінің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыста болатын борыштық бағалы қағаздар,";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның облигациялары және "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның кепіліне шығарылған бағалы қағаздар - 15%-тен көп емес;";
10-тармақта "он екі" деген сөздер "отыз алты" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.