О внесении изменений в постановление акимата города Лисаковска от 29 декабря 2003 года № 684 «Об утверждении Инструкции об организации и финансировании общественных работ и Перечня предприятий, предоставляющих рабочие места для организации общественных работ на 2004 год по городу Лисаковску», номер государственной регистрации 2710 Қолданыста
Басқа 0
"Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулықты және Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың тізбесін бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2710
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне сәйкес, жұмыссыздықпен
туындаған әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында, Лисаков қаласының
әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
нұсқаулықты және Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға арналған қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың
тізбесін бекітү туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 684 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік
тізілімінде 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 2710 болып тіркелген, 2004 жылғы 29
қаңтардағы № 5 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға
арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
нұсқаулықтағы 9-тармағының «үш» деген сезі «алты» деген сөзімен ауыстырылсын;
2) керсетілген қаулымен бекітілген Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға
арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсынатын
кәсіпорындардың тізбесі жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Л.Г. Лесковаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2004 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді.