О внесении дополнения в постановление акимата города Лисаковска от 29 декабря 2003 года № 685 «Об утверждении инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест и Перечня организаций, предоставляющих социальные рабочие места для трудоустройства безработных, входящих в целевые группы населения, на 2004 год по городу Лисаковску», номер государственной регистрации 2701 Күшін жойған
Басқа 0
«Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 685 қаулысына толықтыру енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2701
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қостанай облысы әкімиятының «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысына, тіркеу нөмірі 1510, сәйкес және халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, жұмыс берушілердің қолдау хаттары негізінде, Лисаков қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты және Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімиятының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 685 қаулысына (2004 жылғы 19 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 2701, 2004 жылдың 29 қаңтарында № 5 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) мынандай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Лисаков қаласы бойынша 2004 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі мынандай мазмұндағы 2, 3, 4, 5, 6, 7-жолдармен толықтырылсын:
«2. 1 А мөлтек ауданының үй-жай иелерінің кооперативі, сыршы, 2, маусым-қараша;
3. 2 мөлтек ауданының үй-жай иелерінің кооперативі, сылақшы, 2, маусым-қараша;
4. 4 мөлтек ауданының үй-жай иелерінің кооперативі, ағаш шебері, 2, маусым-қараша, аула сыпырушы, 2, маусым-қараша;
5. 5 және 7 мөлтек аудандарының үй-жай иелерінің кооперативі, сыршы, 2, маусым-қараша, ағаш шебері, 1, маусым-қараша;
6. 6 мөлтек ауданының үй-жай иелерінің кооперативі, сыршы, 2, маусым-қараша;
7. «Мир» үй-жай иелерінің кооперативі, көмекші жұмысшы, 2, маусым-қараша».
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Лесковаға Л.Г. жүктелсін.