О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 29 апреля 2004 года N 40/7-III "О Правилах организации работы и взаимодействия государственных органов города Астаны по изъятию (выкупу) земельных участков (права землепользования)" (зарегистрировано департаментом юстиции г. Астаны 11 мая 2004 года за N 327) Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласы мәслихатының "Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жөнінде Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара әрекеттесу ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 11 мамырда N 327 тіркеген) толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 283/35-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ "Астана қаласы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жерді пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жұмыстарын ұйымдастыру және өзара іс-әрекет жасасу қағидалары туралы" шешімінің күшін жою туралы" шешімінен
Үзінді:
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
...
Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 наурыздағы N 128/17-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ "Астана қаласы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жерді пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жұмыстарын ұйымдастыру және өзара іс-әрекет жасасу қағидалары туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі, (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 384 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 21 сәуірде "Астана хабары" газетінде, 2005 жылғы 21 сәуірде "Вечерняя Астана" газетінде жарияланды),
...
Тармақ 2
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
_____________________________________________________________
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және Қазақстан Республикасының Жер кодексін басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы мәслихатының "Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жөнінде Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара әрекеттесу ережесі туралы" 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 40/7-ІІІ шешіміне (Астана қаласының әділет департаменті 2004 жылғы 11 мамырда N 327 тіркеген, "Астана хабары" газетінде 2004 жылғы 15 мамырда және "Вечерняя Астана" газетінде 2004 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алу (сатып алу) жөнінде Астана қаласының мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыру және өзара әрекеттесу ережесінде:
4-бөлімнің 6-параграфы мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 34-1
"34-1. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін сатып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары сақталып жасасылған сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады";
Бөлім 4. 4-бөлім мынадай мазмұндағы 35-1-тармағы бар 7-1-параграфпен толықтырылсын:
4-бөлім мынадай мазмұндағы 35-1-тармағы бар 7-1-параграфпен толықтырылсын:
" &7-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау
Тармақ 35-1
35-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады";
5-бөлімнің 6-параграфы мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 62-1
"62-1. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін сатып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары сақталып жасасылған сатып алу-сату шартының негізінде жүзеге асырылады";
Бөлім 5. 5-бөлім мынадай мазмұндағы 63-1-тармағы бар 7-1-параграфпен толықтырылсын:
5-бөлім мынадай мазмұндағы 63-1-тармағы бар 7-1-параграфпен толықтырылсын:
" &7-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау
Тармақ 63-1
63-1. Алынған учаскелерді пайдаланумен тікелей байланысты мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады".
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрайымы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
КЕЛІСІЛГЕН:
Астана қалалық жер
ресурстарын басқару жөніндегі
комитеттің төрағасы