О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года № 1056 "Об утверждении Правил проведения промежуточного государственного контроля в организациях образования Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылаудың рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 3-8, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесінде:
8-тармақтың үшінші абзацындағы "2 ай" деген сөздер "1 ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"МАБ жалпы орта білім берудің бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) сатысында ағымдағы жылы 20 ақпан 20 наурыз кезеңінде өткізіледі";
14-тармақта "15" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
20-тармақтың екінші абзацындағы "060000 - мәдениет, өнер, архитектура, 521100 - өнертану (түрлері бойынша), 521700 - өнер (түрлері бойынша), 521300 - дизайн (бейіндері бойынша), 522000 - архитектура топтар" деген сөздер "өнер" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.