О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1126 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1126 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 535-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 22 маусымдағы N 571 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1126 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң құрылымы Басшылық Қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау басқармасы Бақылау қызметiн бағалау және жоспарлау басқармасы