О внесении изменений в решение Южно-Казахстанского областного маслихата от 29 июня 2004 года года № 7/73-III "Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий местного значения по Южно-Казахстанской области" Күшін жойған
Басқа 0
"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 7/73-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 477 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 29 маусымдағы N 7/73-ІІІ шешіміндегі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1446 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 27 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбуласында "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 162-I Заңының 11 бабына " деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 тармақтың:
1 тармақшасындағы "0,1" деген сандар "0,01" деген сандармен ауыстырылсын;
2 тармақшасындағы "0,1" деген сандар "0,01" деген сандармен ауыстырылсын;
5 тармақтағы "19 бабымен белгіленген, мемлекеттік мекеме" сөздері "15 және 16 баптарымен белгіленген, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.