О внесении изменений в решение областного маслихата от 29 мая 2004 года № 8-16 «О региональной программе развития массового спорта в Западно-Казахстанской области на 2004-2005 годы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2004 жылдың 29 мамырдағы №8-16 «2004-2005 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың аймақтық бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 231 қаулысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 29 мамырдағы N 8-16 "Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" шешіміне (2004 жылғы 29 маусым тіркеу N 2717) мынадай өзгерістер енгізілсін: шешімінің 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4.Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бағдарламаны жүзеге асыру туралы түпкілікті есебі облыстық мәслихатқа 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілсін". "Паспорт" атты 1-бөлімде: "Негізгі әзірлеуші" деген абзацындағы "Батыс Қазақстан облыстық туризм және спорт басқармасы" деген сөздер "Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын. "Бағдарламаны қаржыландыру" деген абзацындағы "40000,0" деген сандар "51300,0"» деген сандармен ауыстырылсын. "Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімдегі "сонымен қатар республикалық бюджет есебінде шығындар көзделген" деген сөздер жойылсын. "Батыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары" қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Басқа 2. Батыс Қазақстан облысының бұқаралық спортты дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары
Облыстық мәслихатының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 19-10 шешіміне қосымша Батыс Қазақстан облысының бұқаралық спортты дамытудың 2004-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары N Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауаптылар Орындалу (жүзеге асырылу) мерзімі Болжалды шығындар Қаржыландыру көзі 1. ЖАНҰЯДАҒЫ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 1. Мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін бөлмелер бөлу ақпарат Қала және аудан әкімдері, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2005 жылдың бірінші жартыжылдығы 2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аптаға 4-6 сағат қозғалыс белсендігінің ғылыми негізделген көлемін орындаулары ақпарат Жергілікті атқару органдары тұрақты 2. ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 3. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдер арасында "Үміт мәрелері", "Ақ ладья", "Ғажайып дойбылар", "Тоқыма доп", "Былғары доп" жарыстарын, ұлттық спорт түрлері және ойындардан жарыстар өткізу өткізу Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, жергілікті атқару органдары 2004-2005 жж. Желтоқсан, мамыр, наурыз, сәуір, ақпан, маусым-шілде, сәуір-мамыр 4. Жыл сайын оқушылардың жазғы және қысқы облыстық спартакиадаларын өткізу; Кәсіптік-техникалық білім жүйесі оқушыларының спартакиадасын өткізу; Орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттерінің спартакиадасын өткізу өткізу Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2004 ж. 2005 ж. ақпан сәуір Жергілікті бюджет 5. Оқушылар мен студенттердің уақытылы сапалы дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету ақпарат Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, жоғарғы оқу орындары, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті тұрақты 6. Жоғарғы оқу орындарында спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүзеге асыру үшін спорт клубтарын ұйымдастыру ақпарат Қазақстан ақпараттық технология және басқару институтының, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының басшылығы 2004 жылдың бірінші жартыжылдығы 3. ӨНДІРІСТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ 7. Мемлекеттік қызметкерлер арасында жыл сайын спартакиада өткізу өткізу Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары қазан-қараша 2004 ж. 2005 ж. Жергілікті бюджет 8. Жыл сайын ведомство ішінде спорттық жарыстарды өткізу: 1. медицина қызметкерлері арасында; 2. теміржол көлігі қызметкерлері арасында; 3. энергетиктер мен коммуналды шаруашылық қызметкерлері арасында; 4. байланыс қызметкерлері арасында; 5. мектеп, орта арнаулы емес жоғарғы оқу орындарының педагогикалық ұжымдары арасында; 6. баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында өткізу Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті, Батыс Қазақстан облысының "Қазақстан теміржолы" РМК, Батыс Қазақстан облысының ақпарат басқармасы, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Батыс Қазақстан облысының жолаушы көлік және автомобиль жолдары департаменті 2004 ж. 2005 ж. Маусым-шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қыркүйек Қазан Жергілікті бюджет 9. Кәсіпорындар мен мекемелер базасында спорт клубтары мен қоғамдарын құру ақпарат "Зенит", "Омега" зауыттарының басшылары 2004 жылдың бірінші жартыжылдық 4. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ 10. Облыстық спорттық- бұқаралық іс-шаралардың біртұтас күнтізбелік жоспарын әзірлеу ақпарат Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қаңтар-ақпан 2004-2005 жж. 11. Жыл сайын облыстық спартакиадаларды өткізу: 1) "Орал ақшақары"; 2) Халықтық және ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада; 3) "Ақбидай" ауыл спорт ойындары өткізу Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдіктері 2005 ж. Ақпан Шілде Шілде-тамыз Жергілікті бюджет 5. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖЕЛІЛЕРІН ДАМЫТУ, ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ АРТТЫРУ 12. Жыл сайын ведомстволық меншіктігіне қарамастан спорт ғимараттарын паспорттау жұмысын жүргізу ақпарат Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазан-қараша 2004-2005 ж.ж. 6. ӘСКЕРГЕ ДЕЙІНГІ, ӘСКЕР ЖАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ 13. Жыл сайын әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастардың спартакиадасын өткізу, дене дайындығы бойынша тестілеу өткізу Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Батыс Қазақстан облысының қорғаныс департаменті 2004-2005 ж.ж. Ақпан Маусым Жергілікті бюджет 7. ДЕНЕ ЖӘНЕ АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ 14. Мүгедектер арасындағы республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу қатысу Спорт ұйымдарының басшылары тұрақты 2004-2005 ж.ж. Жергілікті бюджет 15. Мүгедектер арасында облыстық жарыстарды өткізу өткізу Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Батыс Қазақстан облысының мүгедектер қоғамы Жыл ішінде 2004-2005 ж.ж. Жергілікті бюджет 8. ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ СПОРТШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ СПОРТ РЕЗЕРВТІ ДАЯРЛАУ 16. Әлем чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге жеткен жетекші спортшыларды, олардың жаттықтырушыларын тұрғын үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету ақпарат Облыс әкімдігі, Аудандардың және Орал қаласының әкімдігі тұрақты 17. Батысқазақстандық мықты спортшыларды Әлем, Азия елдерінің чемпионаттары мен Кубоктарына, 2004 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына (Грекия) даярлануын және қатысуын қамтамасыз ету қатысу Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Олимпиадаға резервтер дайындау орталығы, облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар- жасөспірімдер мектебі 2004 жылдың бірінші жартыжылдық 5000.0 Жергілікті бюджет 18. Садақ ату, велосипед спорты, байдарка мен каноэ есу, академиялық есу секілді басымды спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлауды қамтамасыз ету ақпарат Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тұрақты 2004-2005 жж. 9. САЛАНЫ КӘСІБИ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КАДРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 19. Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі Агенттігінің кестесіне сәйкес өтетін семинарларға Батыс Қазақстан облысынан тыңдаушылардың қатысуын қамтамасыз ету қатысу Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тұрақты 2004-2005 жж. Жергілікті бюджет 20. Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің, мұғалімдердің білім жетілдіру институтының базаларында дене тәрбиесі мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру ақпарат Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Батыс Қазақстан мемлекеттік Университеті, білім жетілдіру институты Жоспарға сәйкес 10. ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 21. Тұрғындар арасында дене тәрбиесі жөнінде конференциялар өткізу, жоғарғы спорт жетістіктерін одан әрі жетілдіру, облыстық және республикалық жетекші мамандардың көмегімен резервтерін дайындау ақпарат Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2005 ж. екінші жарты- жылдығы 11. АҚПАРАТТЫҚ, ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ 22. Бұқаралық ақпарат құралдарында спорттық-бұқаралық іс-шараларды жариялау Бұқаралық ақпарат құралдарында спорттық іс- шараларды жариялау Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Батыс Қазақстан облысының архитектура, қала құрылысы және құрылыс басқармасы тұрақты 12. СПОРТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ 23. Спорт ұйымдарының материалды- техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарды аяқтау Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Батыс Қазақстан облысының архитектура, қала құрылысы және құрылыс басқармасы тұрақты 51300.0 Жергілікті бюджет