О переутверждении совместного решения Южно-Казахстанского областного маслихата от 29 марта 2005 года N 14/141-III и постановления Южно-Казахстанского областного акимата от 2 марта 2005 года N 152 "О наименовании и переименовании отдельных административно-территориальных единиц области" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстың жекелеген әкімшілік-аумақтарына ат қою және атауларын өзгерту туралы" бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 14/141-III шешімін және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2005 жылғы 2 наурыздағы N 152 қаулысын қайта бекіту туралы Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі Д.Р.Құставлетовтың 2006 жылғы 19 маусымдағы "Облыстың жекелеген әкімшілік-аумақтарына ат қою және атауларын өзгерту туралы" бірлескен Оңтүстік қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы N 14/141-III шешімін және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2005 жылғы 2 наурыздағы N 152 қаулысын қайта бекітудің қажеттілігі туралы хатына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түлкібас ауданының жаңадан құрылған ауылдық округі Тастұмсық ауылдық округі деп аталсын.
Тармақ 2. Түлкібас ауданы бойынша
2. Мына әкімшілік-аумақтық бірлік атаулары: Түлкібас ауданы бойынша Жабағылы ауылдық округінің Новониколаевка ауылы -Жабағылы ауылы болып; Ордабасы ауданы бойынша Қараспан ауылдық округінің Бейсен ауылы - Кеңес Одағының Батыры Бейсен Оңтаев ауылы болып; Қараспан ауылдық округінің Ермоловка ауылы - Кеңес Одағының Батыры Берген Исаханов ауылы болып; Мақтаарал ауданы бойынша Ынтымақ ауылдық округінің Амангелді ауылы - Социалистік Еңбек Ері Әлкен Оспанов ауылы болып; Қызылқұм ауылдық округінің 9 Май ауылы - Датқа ауылы болып; Жамбыл ауылдық округі - Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдәбеков ауыл округі болып; Созақ ауданы бойынша Қарақұр ауыл округінің Қызылбайрақ ауылы - Ран ауылы болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заң күшіне енеді және 2005 жылғы 29 наурыздан қолданысқа енгізіледі.