О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 октября 2005 года № 134 "Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Резиденттердің резидент еместердің бағалы қағаздарын, резидент емес инвестициялық қорлардың пайларын сатып алуын, резиденттердің резидент еместердің жарғылық капиталына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында салымдар салуын көздейтін операцияларды, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операцияларды лицензиялау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3971 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-30 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесінде:
52-тармақта:
1) тармақшада "(өзі тіркелген аймақта бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі беріледі)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада ";" тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен (Дюгай Н.Н.) жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу
және қадағалау агенттігі
2006 жылғы 16 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағаның орынбасары
2006 жылғы 16 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
2006 жылғы 9 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
2006 жылғы 29 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2006 жылғы 9 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2006 жылғы 8 қыркүйек