О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 29 марта 2005 года № С-16/5 «Об утверждении Правил по содержанию сельскохозяйственных животных в населенных пунктах Ерейментауского района» Қолданыста
Басқа 0
Ерейментау аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 29 наурыздағы «Ерейментау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған Ережені бекіту туралы» № С-16/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ерейментау аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 29 наурыздағы «Ерейментау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған Ережені бекіту туралы» № С-16/5 шешіміне (2005 жылғы 15 сәуірдегі тіркеу № 1-9-3, 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 50 аудандық «Ереймен» газетінде мемлекеттік тілде, 2005 жылғы 14 мамырдағы № 55-56 аудандық «Ерейментау» газетінде орыс тілінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ерейментау ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған Ережеде:
4 тармағында «аудандық ішкі істер бөлімі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркэсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы және Ақмола облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ерейментау ауданы бойынша бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
13 тармағында «аудандьщ ішкі істер бөлімінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясының және Ақмола облысы Мемлекеттік сантарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ерейментау ауданы бойынша бөлімінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Ерейментау аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.