О внесении дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 29 июня 2005 года № 170-п "Об утверждении норм выдачи молока, рационов лечебно-профилактического питания работникам за счет средств работодателя" Күшін жойған
Басқа 0
"Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 170-ө бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің N 137-138(761-762) "Заң газетінде" 2005 жылы жарияланған 2005 жылғы 29 маусымдағы N 170-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3739 тіркелген) төмендегі толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық тағамдар рационын беру нормасында:
1-қосымшада:
60-тармақта "стирол," деген сөзден кейін "полистирол," деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры С.С.Әбденов осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2006 жылғы 16 тамыз