О внесении изменений в решение маслихата от 29 ноября 2005 года № 18/5 «О стоимости разовых талонов» Күшін жойған
Басқа 0
«Біржолғы талондардың
құны туралы» мәслихаттың
2005 жылғы 29 қарашадағы
№ 18/5 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабына, «Бір жолғы талондарды беру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 534 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық Комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Біржолғы талондардың құны туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 18/ 5 шешіміне (тіркеу нөмірі № 5-1-18, «Дидар» газетінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және «Рудный Алтай» газетінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1 сандарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
«Өскемен қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны» № 4 қосымшасы келесі мазмұндағы 9 және 10 жолдарымен толықтырылсын:
9 Сыпырғыштарды өткізу 100
10 Балықтарды өткізу 150
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.