О внесении изменений в постановление акимата района от 29 ноября 2005 года № 288 "Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку" Қолданыста
Басқа 0
"Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Ұзынкөл аужаны әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 288 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 288 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмері 2005 жылғы 9 желтоқсандағы 9-19-9, "Нұрлы жол" 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 51) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтың 5 тараудың 13 тармақтың 1) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:
"тамақтың – тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, айына бес айлық есептік көрсеткіш";
"тұру үшін – тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, айына бес айлық есептік көрсеткіш".
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданың әкімінің орынбасары М. В Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.