О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 октября 2005 года № 384 "Об утверждении перечня рейтинговых агентств и условиях определения рейтинга для перестраховочной организации - нерезидента Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтингті анықтау шарттары туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қайта сақтандыру жөніндегі қызметін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтингті анықтау шарттары туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 384 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3959 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың екінші абзацындағы "сәуірге" деген сөз "маусымға" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.