О внесении дополнений в постановление акимата района от 29 декабря 2005 года № 406 «Об организации оплачиваемых общественных работ» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 406 қаулысына қосымшалар енгізу туралы
«Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 20 бабына сәйкес және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 57 «Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 қаулыларына қосымша енгізу туралы «Қоғамдық жұмыстарды үйымдастыру және қаржыландыру, жұмыссыздардың кәсіби даярлығын, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау Ережелерін бекіту жөнінде» қаулылары негізінде (2006 жылғы 11 сәуір, тіркеу нөмірі 1616 ) аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Ақылы коғамдык жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 406 каулысына (2006 жылғы 17 қаңтар, тіркеу нөмірі 13-7-24, 2006 жылғы 10 ақпан «Ауыл арайы-Сельская новь» № 8, 2006 жылғы 17 ақпан № 9) мына толыктырулар енгізілсін:
1 тармақ 21), 22), 23), 24) тармақшалармен мына мазмұнда толықтырылсын:
21) оралмандарды қабылдау және жайғастыру бойынша тапсырмаларды орындау;
22) отініштері бойынша мемлекеттік тілде іс кағаздарына көмек корсету;
23) құжаттарды сақтауға даярлауға және оңдеуге көмек көрсету;
24) жұмыспен қамту мәселесіне және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемакыны тағайындауға кажетті құжаттарды жинауға көмек көрсету.