О внесении изменений и дополнения в решение акима района от 29 декабря 2006 года № 55 «О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку» Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 55 «1990 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінің тізіміне алу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу Ережесінің 22 тармағына, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің 2003 жылғы 24 ақпандағы № 60 «Қазақстан Республикасының азаматтарын шақыру учаскелерінің тізіміне алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Нұсқаулықты іс-әрекетке енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астрахан ауданының әділет Басқармасында 2007 жылғы 18 қаңтарда 1-6-57 нөмірмен тіркелген, аудан әкімінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 55 «1990 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелерінің тізіміне алу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2 тармақтағы «Қосымша бойынша тізімге алу жөніндегі комиссия құрылсын» сөздері алынып тасталсын.
Тармақша 2
2) шешімнің 3 және 4 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақша 3
3) 9 тармақтағы «2007 жылғы сәуірдегі» сөздері «азаматтарды шақыру учаскелерінде тізімге алу аяқталғаннан кейін 10 күн мерзімнің ішінде» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақша 4
4) 12 тармақпен толықтырылсын:
«12. Шешімнің әрекеті 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.»
Тармақ 2
2. Осы шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, «Маяк» газетінде жарияланған күнінен бастап әрекет етуге кіріседі.