О внесении дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 ноября 2007 года N 583 "Об утверждении Правил организации и осуществления учебно-методической работы" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5036 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы N 16 (1416) "Заң газетінде" жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде: үшінші тармақтың үшінші абзацында "қызметкері" деген сөзден кейін "(жоғары оқу орындарынан басқа);" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.