О внесении дополнения и изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2007 года № 88 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4759 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 жылғы маусымда жарияланған), келесі толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесі: Келесі мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын: «4-1. Қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы уәкілетті органның шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің сараптамалық қорытынды қосымшасымен бірге ерікті түрде берілген, арызы негізінде беріледі»; 7-тармақтың бірінші абзацында «Бекітілген қауіпсіздік декларациясы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне сараптамадан өткізуге жіберіледі» сөздері «Қауіпсіздік декларациясы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымда сарапталуға жатады» сөздеріне ауыстырылсын; 8-тармақтың 1-бөлімі келесі редакцияда жазылсын: «Уәкілетті органға тіркелу үшін декларация жоба құрамында немесе жеке құжатпен қағаз және электронды тасымалдағышта екі данада ұсынылады»; 8-тармақтың 3-бөлімі алынып тасталсын; 3-тарау алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы С.Б. Ахметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.