О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 29 января 2008 года № 150 «О реализации решения Лисаковского городского маслихата от 24 декабря 2007 года № 40 «О бюджете города Лисаковска на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 150 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3), 14) тармақшаларына, «Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 шешіміне сәйкес, қолданыстағы заңдарға сәйкес ретке келтіруге байланысты Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 150 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 3 наурыздағы № 9-4-111 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 10 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) «Республикалық және жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болған тұлғаларға отыз мың теңге мөлшерінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек»; 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «17) азық-түлік себетінің құну ұлғаюына байланысты табысы аз азаматтарға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген бір жарым есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек»; 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудың бас тарту туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссия қабылдайды»; 3-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек отбасының табыстарына қарамай, психологиялық-медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын ата-аналарына, баланы асырап алушыларға, қорғаншыларына (қамқоршыларына) және баланың басқа заңды өкілдеріне төленеді, жағдайлар туындағанда (жүріп кетуі, өлімі) төлем аталмыш жағдайлар туындағанда (жүріп кетуі, өлімі) төлем аталмыш жағдайлар туған айдан кейін келесі айдан бастап тоқтатылсын»; 3-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «азық-түлік себетінің құны ұлғаюына байланысты әлеуметтік көмек ағымдағы кезеңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тағайындалады».
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізімін жңа редакцияда бекіту.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттардың тізбесі
Лисаков қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 978 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек тағайындауға арналған құжаттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек тағайындауға үшін міндетті құжаттар мыналар болып табылады: әлеуметтік көмекке өтінішпен келген адамның өтініші; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінен басқа); азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінен басқа);
Тармақша 1
1) түлектердің қатарынан студенттерге біржолғы әлеуметтік көмекке: жалпы орта және негізгі білім мекемелерін бітірген, негізгі жалпы білім туралы үздік куәлік алған, «Алтын белгімен» және үздік бітірген жалпы орта білім туралы аттестатын алған немесе оған үміткер болған, бірақ оны растй алмаған, бірыңғай ұлттық тестілеуде «4» және «5» алған оқушылар туралы оқу отрындарының тізімдері; жетім бабаларға, ата-аналардың қамқорлығынан айылған балаларға, көп балалы отбасылардың балаларына, дамуына мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және балалық шағынан мүгедектерге – мәртебесін растайтын құжат; оқу орнын және оқу жылына оқу үшін төлемақы мөлшерін растайтын құжат;
Тармақша 2
2) мүгедек студенттерге оқуды төлеу үшін материалдық көмекке: медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; оқу орнын және ағымдағы жылы оқу үшін төлемақы мөлшерін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) туберкулезбен ауыратын азаматтардың тамақтануына: амбулаториялық емделу курсын өткенін растайтын емдеу мекемесінің анықтамасы;
Тармақша 4
4) мүгедек – балалардың компьютерлік томографта тексерілуіне байланысты шығарыстарды өтеуге: баланы компьютерлік томографта тексеру үшін емдеу мекемесінің жолдамасы; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының баланың мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; тексеру үшін қолма-қол есеп айырысу туралы куәландыратын кассалық түбіртек;
Тармақша 5
5) қайтыс болған жұмыссыз азаматтарды жерлеуге: қайты болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайты болу туралы анықтама; қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен берілген анықтама;
Тармақша 6
6) қайтыс болған кәмелетке жасы толмаған балаларды жерлеуге: қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болу туралы анықтама; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органна әкесінің (қыз асырап алушының, бала асырап алушының) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Тармақша 7
7) мүгедектерге жедел әрекет жасау үшін: медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; мүгедек бала үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі; жедел әрекет жасаудың қажеттілігі туралы анықтама;
Тармақша 8
8) көру бойынша мүгедектерге көмек үшін: медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектікті белгілеу туралы көру бойынша мүгедектікті растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атағына ие болған және республикалық пен жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлеріне және зейнеткерлерге көмек үшін: атағын растайтын құжат;
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына монша мен шаштараздар үшін: Ұлы Отан соғысының мүгедектері және қатысушылары куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 11
11) үйде тәрбиелетін және оқитын мүгедек балаларға тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек үшін: баланың туу туралы куілігінің көшірмесі; медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының баланың мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; психологиялық-медициналық-педагогикалық мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі; оқу мекемесі берген үйде оқудың фактісін растайтын анықтаманы ұсынады.
Тармақ 2
2. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері расталып, іске құрастырылады.