О внесении дополнений и изменения в постановление акимата от 29 января 2008 года № 150 «О реализации решения Лисаковского городского маслихата от 24 декабря 2007 года № 40 «О бюджете города Лисаковска на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Лисаков қаласының 2008 жылға
арналған бюджеті туралы» Лисаков
қалалық мәслихатының 2007 жылғы
24 желтоқсандағы № 40 шешімін іске
асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы
29 қаңтардағы № 150 қаулысына
толықтырулар және өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3), 14) тармақшаларына, «Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2008 жылғы 21 шілдедегі № 110 шешіміне сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Лисаков қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 шешімін іске асыру туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 150 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 3 наурыздағы № 9-4-111 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 наурыздағы № 10 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), юұдан бұрын «Әкімдіктің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 150 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әкімдіктің 2008 жылғы 24 шілдедегі № 978 қаулысына өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 тамыздағы № 9-4-125 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 37 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған), мынадай толықтырулар және өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) жастардың қатарынан азаматтардың жекелеген санаттарына қала мен облыстың еңбек нарығында айрықша талап етілетін мамандықтар бойынша оқыту бағасына байланысты шығыстарды өтеу үшін ағымдағы оқу жылының оқыту құны мөлшерінде әлеуметтік көмек»;
3- тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) оқыту бағасына байланысты шығыстарды өтеу үшін әлеуметтік көмек жастардың қатарынан азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі, сонын ішінде: жетім балаларға, ата-аналардың қамқорлығынан айырылған балаларға, көп балалы отбасылардың, толық емес отбасылардың балаларына және әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін басқа адамдарға»;
көрсетілген қаулыдағы құжаттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жастардың қатарындағы азаматтардың жекелеген санаттарына қала облыстың еңбек нарығында айрықша талап етілетін мамандықтар бойынша оқыту бағасына байланысты шығыстарды өтеу үшін әлеуметтік көмек етуге - оқу орны мен оқу жылының аталмыш семестрінде оқуға төлеу мөлшерін растайтын құжат; жетім балаларға, ата-аналардың қамқорлығынан айырылған балаларға, көп балалы отбасылардың, толық емес отбасылардың балаларына және әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін басқа адамдарға - аталған мәтебені растайтын құжат».
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдарының шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» және «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалар бойынша жүргізілсін».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.