О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 29 октября 2008 года № 170 "Об утверждении Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами и иными финансовыми инструментами" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5406 тіркелген, N 5 (1428)) "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесінде: 51-тармақта: алтыншы абзацта: "ішінде" деген сөз "басталғанда" деген сөзбен ауыстырылсын; "уәкілетті орган бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдамаған" деген сөздер "уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы хаты алынбаған" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: "Егер сауда-саттықтың тоқтатыла тұруы трейдердің қателігінен не қор биржасының жұмысындағы техникалық іркіліс салдарынан болса, және егер қор биржасының уәкілетті органмен кеңес өткізгеннен кейін уәкілетті органның бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органның хаты алынбаған болса, олар тоқтатыла тұрған сол сауда күні ішінде сауда-саттықты жалғастыруға жол беріледі."; мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын: "Қор биржасының ішкі құжаттары қор биржасының бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұруына әкелген қателік жіберген трейдерді сауда-саттыққа қатысудан шеттету тәртібін айқындайды.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж.Хаджиева):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Тармақ 5
5. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.