О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Енбекшильдерского района от 29 января 2008 года № а-2/9 «Об организации общественных работ в Енбекшильдерском районе на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбекшілдер ауданында 2008 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-2/9 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдік жүйесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбекшілдер ауданында 2008 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-2/9 қаулысына (2008 жылғы 19 ақпанда әділет басқармасында 1-10-69 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2008 жылғы 1 наурыздағы № 18 санында жарияланған) келесідей мазмұндағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулының қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы «Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а - 2/9 қаулысымен бекітілсін» деген сөздер «Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 3 қыркүйектегі № а - 9/156 қаулысымен бекітілсін» деген сөздермен алмастырылсын.
Қаулының 7 тармағы келесідей редакцияда баяндалсын: «Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы «Еңбекшілдер ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-2/25 қаулысы (2007 жылдың 26 ақпанында Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында 1-10-50 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 19 санында жарияланған), Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 шілдедегі «Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 15 ақпандағы «Еңбекшілдер ауданында 2007 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-2/25 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № а-7/140 қаулысы (2007 жылғы 10 шілдеде Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында 1-10-59 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 37 санында жарияланған) күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінде ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, жұмысқа тартылатын адамдар саны және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелер
ТІЗБЕСІ
Қосымша
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «03» 09 №а-9/156 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, жұмысқа тартылатын адамдар саны және ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелер
ТІЗБЕСІ
№
Ұйымдар мен кәсіпорындар атауы
Қоғамдық жұмыс түрлері
Жұмысқа тартылатын адам саны
Жұмыс көлемі (шаршы метр)
Қаржыландыру көзі
1
Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау
2
2000 ш.м.
Аудандық бюджет
2
Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
5
5000 ш.м.
Аудандық бюджет
Аулаларды аралау.
4
сағаттық
3
Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
2
900 ш.м.
Аудандық бюджет
4
Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
4
3800 ш.м.
Аудандық бюджет
Аулаларды аралау.
2
сағаттық
5
Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
4
4200 ш.м.
Аудандық бюджет
Көріктендіру және көгалдандыру
1
сағаттық
6
Донской ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту.
5
3924 ш.м.
Аудандық бюджет
Аулаларды аралау.
3
сағаттық
7
Кеңащы ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
1
980 ш.м.
Аудандық бюджет
8
Краснофлот ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту
2
1931 ш.м.
Аудандық бюджет
Тұрғын алаңын, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
2
831 ш.м.
Аулаларды аралау.
1
сағаттық
9
Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту
7
7000 ш.м.
Аудандық бюджет
Тұрғын алаңын, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
7
7500 ш.м.
Аулаларды аралау.
5
сағаттық
10
Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту
1
920 ш.м.
Аудандық бюджет
11
Макин ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
10
10000 ш.м.
Аудандық бюджет
Аулаларды аралау.
4
сағаттық
12
Мамай ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
3
3570 ш.м.
Аудандық бюджет
13
Заозерный ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
2
3650 ш.м.
Аудандық бюджет
Аулаларды аралау.
1
сағаттық
14
Степняк қаласы әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту, аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
8
16000 ш.м.
Аудандық бюджет
Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру).
10
11072 ш.м.
Аулаларды аралау.
13
сағаттық
Шұңқырлы жолдарды жөндеу, жол көрсету белгілерін қою.
2
1 ш.м. 20 см. алаңда
Аз қамтылғандарды тексеру және әлеуметтік картамен жұмыс істегенде учаскелік комиссияға көмектесу, атаулы әлеуметтік көмек, балаларға жәрдем ақы белгілеу.
4
сағаттық
Иесіз құрылыстарды тазалауға көмектесу.
2
3 нысан
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйлерін жөндеуге көмектесу.
4
сағаттық
Жеке тұлғаларға мүлік пен жер салығы туралы хабарлама тарату.
4
сағаттық
Аумақты қардан, мұздан тазалау, кар қалашығын салу.
9
10000 ш.м.
Тұрғындарды құжаттандыру шараларын ұйымдастыруға көмектесу.
5
сағаттық
Тіркеу және әскерге шақыру комиссиясынан өту кезінде көмек көрсету
7
сағаттық
Ойдағыдай емес отбасыларын тексеру, шақыру қағазын тапсыру.
3
Сағаттық
Құқық қорғау органдарында қылмыстың алдын-алу жұмыстары. Қара жұмыс атқару. Аумақты тазарту, жөндеу жұмыстары.
1
Сағаттық
Барлығы аудан бойынша
150