О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 29 января 2008 года № 51/1 "Об организации общественных работ на 2008 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы
"2008 жылы қоғамдық жұмыстарды
уйымдастыру туралы" № 51/1 қаулысына өзерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардагы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Укіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы «2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (2008 жылғы 20 наурыздағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 12-3-141 болып тіркелген және 2008 жылдың 20 наурызында № 12 «Вести Экибастуза» және «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 51/1 қаулысының 1-қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтың 6.2-тармақшасындағы «лифтілерге қызмет көрсету бойынша жұмыстар» сөздері «лифтілермен жабдықталған үйлердің кірешектерін тексеру, жинау және лифтілерді қажетті санитарлық жағдайда үстау» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
З. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.