О внесении изменения в постановление акимата города Экибастуза от 29 декабря 2008 года № 767/12 "Об организации общественных работ на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 767/12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 және 20 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы" № 836 қаулысының 11-тармағы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 12-3-215 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы № 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) № 767/12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
1) Қаулының 2-қосымшасындағы 5-бағанда барлық мәтін бойынша "Ең төменгі еңбекақы" сөздері "ең төменгі еңбекақының 1,5 мөлшері" санына және сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.