О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 2225 «Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных проектов, не требующих разработки технико-экономического обоснования» Күшін жойған
Басқа 0
«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін
бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 23-құжат; 2014 ж., № 51, 512-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 3000 оқушыны қоса алғанға дейінгі жалпы білім беретін мектептер мен интернат мекемелерін салу;».
Тармақ 1.2
1.2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.