О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 2225 «Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных проектов, не требующих разработки технико-экономического обоснования» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларға қолданылмайды.»; көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Үлгі жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.»; 2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «25) жобалық қуаты 50 орынға дейінгі мүгедектігі бар балаларға және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығын салу;»; мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын: «7. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша іске асырылатын жобалар. 8. Нормативтік құрылыс ұзақтығы 36 (отыз алты) айдан аз өнеркәсіптік, өндірістік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салуды (реконструкциялауды) көздейтін жобалар, оның ішінде: 1) әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілер, тұрғын үй, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, прокуратура, азаматтық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және қылмыстық-атқару жүйелерінің, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты, сот-медициналық сараптаманы, өрт, фитосанитариялық, ветеринариялық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша; 3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы учаскелері, ұшу-қону жолақтары, жұмыс істеп тұрған әуеайлақтардың, аэровокзалдардың және аэронавигация объектілерінің кірме автомобиль жолдары; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кірме жолдар; 5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы; 6) өнеркәсіптік және өндірістік мақсаттағы; 7) коммуналдық шаруашылық; 8) денсаулық сақтау.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.