О внесении дополнений в постановление акимата Качирского района от 29 января 2009 года № 23/1 "Об утверждении Инструкции о социальных выплатах отдельным категориям нуждающихся граждан района в 2009 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы "2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығың бекіту туралы" № 23/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы "2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" № 323/1 қаулысына (Качир ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпан № 12-8-68 тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 наурызда "Заря" газетінің № 12 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулысымен бекітілген Нұсқаулқтағы: "Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы барлар" 3-тармағында: 38), 39), 40), 41), 42) реттік нөмірлердегі мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын: "38) Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар балабақшада және мини-орталықтағы балалар үшін ата-аналар төлемдері бойынша шығындарды өтеуге; 39) Ұлы Отан соғысына қатысушылар жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға; 40) 1 жасқа дейінгі жасанды қоректендірілетін балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар балалар тамағына; 41) Ұлы Отан соғысына қатысушылар газетке жазылуға; 42) Маргиналды топтағы тұлғалар құжаттандырылуға"; "Әлеуметтiк төлем және басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн алуға құқылы адамдар үшін тағайындалады" 4-тармағында: 1-тармақшадағы "37)" деген саннан кейін "38), 40), 42)" деген сандармен толықтырылсын; 2-тармақшадағы "36)" деген саннан кейін "39), 41)" деген сандармен толықтырылсын; "Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлерi және мөлшері бойынша тағайындалады" 5-тармағында: мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26) және 27)-тармақшаларымен толықтырылсын: "23) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2400 теңгеден 3800 теңгеге дейінгі мөлшерде 1 балаға ай-сайынғы материалдық көмек"; 24) 39)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 75000 теңге мөлшерінде жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға бір жолғы материалдық көмек; 25) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 4470 теңгеден 5960 теңгеге дейінгі мөлшерде ай-сайынғы материалдық көмек; 26) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2010 жылға арналған "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" және "Заря" газеттеріне нақты жазылым бағасы бойынша бір жолғы материалдық көмек; 27) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 1000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір жолғы материалдық көмек;" "Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетiлген жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлемдердi iске асыру үшiн мынадай құжаттар қажет" 9- тармағында 19), 20), 21), 22), 23) реттік нөмірлердегі мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын: "19) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты; 20) 39)- тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, ҰОС-на қатысқан куәлігінің көшірмелері, "Тереңкөл ауылдық әкімі аппараты" ММ-нің шығындар сметасы"; 21) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін-дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, орталық аудандық аурухана тізімі; 22) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - МЗТО бөлімшесімен салыстырылған тізімге сәйкес; 23) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – құжаттануд қажет ететін тұлғалар тізімі қоса берілген ауылдық округ әкімінің қолдаухаты".
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.Қ.Мардановаға жүктелсін.