О внесении изменения в решение Петропавловского городского маслихата от 29 июля 2009 года № 3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан по бесплатному проезду на автомобильном транспорте в городе Петропавловске" Күшін жойған
Басқа 0
"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне (№ 13-1-161 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244) «Қызылжар нұры» газетінің, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) «Проспект-СК» газетінің сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімінің преамбуласы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
1. «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-ХIII Заңының 13-бабына сәйкес».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.