О внесении дополнения в решение Петропавловского городского маслихата от 29 июля 2009 года № 3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан по бесплатному проезду на автомобильном транспорте в городе Петропавловске" Күшін жойған
Басқа 0
"Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3шешіміне (№ 13-1-161 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Қызылжар нұры» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (244), «Проспект СК» газетінің 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 (292) сандарында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
осы шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 2
2. Аталған тұлғаларды жеткізетін әлеуметтік инфрақұрылым объектілері анықталсын:
Тармақша 1
1) емханалар мен ауруханалар;
Тармақша 2
2) түзету мектептері;
Тармақша 3
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
Тармақша 4
4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері;
Тармақша 5
5) медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдері;
Тармақша 6
6) Петропавл қаласының аумағында орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелер;
Тармақша 7
7) «Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 8
8) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы;
Тармақша 9
9) мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі;
Тармақша 10
10) «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.