О внесении изменений в решение Петропавловского городского маслихата от 29 июля 2009 года № 3 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан по бесплатному проезду на автомобильном транспорте в городе Петропавловске» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына Петропавл қаласында автомобиль көлігінде тегін жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-161 тіркелген, «Қызылжар нұры» газетінде 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 нөмірінде, «Проспект-СК» газетінде 2009 жылғы 21 тамыздағы № 34 нөмірінде жарияланған) 2009 жылғы 29 шілдедегі №3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 2-тармағының 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 8
«8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Ведомствоаралық әлеуметтік есеп айырысу орталығы» департаменті;», 2-тармағының 10) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 10
«10) «Петропавл қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;», 2-тармағының 11) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 11
«11) «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;», 2-тармағының 12) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақша 12
«12) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті.», 3-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 3
«3. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уәкілетті органы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіпті қолдана отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырсын.».
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.