О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 29 апреля 2010 года № 02-01-02/75 "Об утверждении Правил проведения пилотного двухэтапного конкурса для занятия административных государственных должностей" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/75 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6243 тіркелген, 2010 жылғы 2 мамырда № 210-211 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 2 және 4-тармақтарда «1 наурызына» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесінде: кіріспесінде «Оңтүстік Қазақстан облыстарында» деген сөздерден кейін «2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын; бүкіл мәтін бойынша «1 наурызына» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Өтешев М.Ы.) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Келісілді Келісілді Ақмола облысының әкімі Оңтүстік Қазақстан Дьяченко С.А. облысының әкімі Мырзахметов А.И.